Сәуірдің 8-і нейрохирургияның негізін қалаушы Харви Кушингтің туған күні.

Сәуірдің 8-і нейрохирургияның негізін қалаушы Харви Кушингтің туған күні.
Бұл күні халықаралық нейрохирургиялық қоғамдастық бейресми мереке – Дүниежүзілік нейрохирург күнін атап өтеді.
#ҚЖШККА нейрохирургия бөлімшесінде бөлімше меңгерушісі Константин Лидің бастауымен 6 дәрігер, 14 медбике және 8 кіші медперсонал қызмет етеді. Бөлімшеде, әдетте, күніне 3-4 ота жасалады, жылына бұл көрсеткіш күрделілігі түрлі деңгейдегі 600-ге жуық нейрохирургиялық отаға жетеді.
Нейрохирург әріптестерімізді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, жаңа белестерді бағындырып, сүйікті жұмыстарының жемісін көре берсін дегіміз келеді. Ауыр еңбек жолдарыңызда сәттілік тілейміз!
Құрметпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы