Токсиколог удың адам ағзасына тигізетін кері әсерімен күреседі

Токсиколог маман жедел және созылмалы интоксикация синдромдарымен ауыратын науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді, улану себептерін анықтау үшін токсикологиялық зерттеулер жүргізеді және улы заттардың әсерін деңгейлейді.

ҚЖШККА токсикологы, жоғары санатты дәрігер Оңғарбек Ерлан Оңғарбекұлы әңгімелейді:

– Мамандық таңдауға анам әсер етті, ол гинеколог, онкологиялық институтта, емханада жұмыс істеген. Біз медицинаға жақын болдық. Мен оның ізімен медицинаға келіп, ерекшеліктеріне байланысты токсикологияны таңдадым. Токсиколог маман химиялық қосылыстарды жақсы білуі, физиканы, анатомияны, сонымен қатар түрлі улардың адам ағзасына әсер ету ерекшеліктерін жақсы білуі керек. Химиялық улану, дәрі-дәрмекпен улану, көміртегі тотығымен улану, табиғи газбен улану, т.т. Уланудың әр түрінің өзіндік емі бар – мұның бәрі мені қатты қызықтырды. Токсикология психиатриялық және наркологиялық қызметтерді де қамтиды. Менің қалалық психикалық денсаулық орталығында және наркологиялық емдеуде де тәжірибем бар. Мен токсикологияның өзінде 2003 жылдан бері, 19 жылға жуық жұмыс істеп келемін.

Дәрігер-токсикологтың уларды емдік мақсатта қолдану мүмкіндіктері туралы білімі де бар. Улы заттар әсер еткенде, ең алдымен, бауыр, бүйрек, жүрек сияқты органдар зардап шегеді. Сондықтан токсикологтарға өз тәжірибесінде көбінесе бауыр мен бүйрек жеткіліксіздігімен, дененің жалпы интоксикациясымен жұмыс істеуге тура келеді.

Токсиколог өсімдіктер мен жануарлардың улануымен, дәрілік препараттармен, алкогольмен және оның суррогаттарынан улану синдромдары бар науқастарды емдейді. Олар жәндіктердің шағу, көмірқышқыл газымен улану, ауылшаруашылық уланулармен түскен пациенттерді қабылдайды.

– Қазір белгісіз жәндік шаққан науқастарды қабылдайтын маусым басталды, – дейді токсиколог Ерлан Оңғарбек. – Шаян мен қарақұрт шаққан, тауда жылан шаққандар да түскен.

Клиникалық диагностиканың заманауи әдістерін қолдана отырып, диагнозды анықтайды және науқасты емдеу бойынша ұсыныстарды береді. Оның міндеті – детоксикация шараларын жүргізу және емдеу режимін құру ғана емес, сонымен қатар улы заттың әрекетіне дененің одан әрі реакциясының дамуын болжау.

Токсиколог дәрігерден кеңес алу бойынша Ерлан Оңғарбекұлына + 7 777 963 4159 телефон нөміріне хабарласа аласыз.