Нейрохирург маманға қандай жағдайда көріну керек?

Бізге түсіп жатқан хаттардың бірінде нейрохирург маманға қандай жағдайда көріну керек екенін сұраған.
Сұраққа жауап береміз.
– Арқа немесе мойындағы ауырсыну, қол мен аяқтағы ауырсыну немесе әлсіздік болған жағдайда, сөйлеу, жазу немесе жүру проблемалары туындағанда, бастың қатты ауруы мен құсудың орын алуы, одан сананың жоғалуы орын алса нейрохирург маманға шұғыл түрде көріну қажет, – дейді ҚЖШККА нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Константин Ли.
Сонымен қандай жағдайда нейрохирург маманға көрінген дұрыс?
Нейрохирург маманға көрінуге аурудың келесі белгілері себеп болуы мүмкін:
– қол, аяқ, дене қозғалысын шектейтін омыртқаның өткір ауруы
– аяқ-қолдың ұю сезімі немесе кенеттен ұстаманың пайда болуы
– анальгетикті қабылдағаннан кейін де басылмайтын созылмалы бас ауруы
– дененің көлденең де, тік күйінде де мазасызданатын бас айналу сезімі
– еш себепсіз үнемі жүрек айну сезімі
– арнайы препараттан кейін де тынымсыз құсу
– көру өткірлігінің төмендеуі және көз өрістерінің жоғалуы (екі жақта орналасқан заттарды көре алмау)
– бақыланбайтын көз қозғалысы (нистагм), көз алмасының бірінің шығуы, түсініксіз қыли көзділік
– сөйлеу мүшелерінің жұмысының күрт нашарлауы, амнезия белгілері (есте сақтау қабілетінің жоғалуы)
– жүрудің бұзылуы
– арқадағы ауырсынумен жыныстық функцияның бұзылуы
Сонымен қатар, бас миы немесе жұлын зақымданған жағдайда дереу нейрохирург маманға қаралу керек.
Мамандарға уақтылы жүгіну көптеген мәселелердің алдын алуға көмектеседі!
Жоғарыда аталған белгілердің кез келгені бойынша кеңес алу үшін Ли Константин Юрьевичке хабарласа аласыз: + 7 707 459 40 18
Өзіңізді күтіңіз, сау болыңыз!