Осы жылдың қаңтар айынан бастап Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында колопроктология және интервенциялық хирургия бөлімшесі жұмыс істейді.

Осы жылдың қаңтар айынан бастап Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында колопроктология және интервенциялық хирургия бөлімшесі жұмыс істейді.
Колопроктология тоқ ішек және оған іргелес мүшелер ауруларының пайда болуын, диагностикасын, емдеуін және алдын алуды, барлығы 200-ден астам түрлі ауру мен синдромды зерттейді.
Проктолог маманға уақтылы көріну ауруды ерте кезеңде анықтауға және емдеуге көмектесетінін түсіну өте маңызды. Өкінішке қарай, бөлімше дәрігерлерінің айтуынша, көп жағдайда қабылдауға келген емделушілердің 80 пайызы дерлік ауруды асқындырып алған. Бұл емделушілердің дәрігерге барып қаралуға ұялатынына, кейде қорқатынына да байланысты.
Бөлімше 21 төсек-орынға есептелген, соның ішінде 5 төсек-орын қан тамырлары хирургиясына арналған.
Бөлімше меңгерушісі Нуспекова Динара Тулендиевна – медицина ғылымдарының магистрі, жоғары санатты дәрігер, PhD кандидаты, еңбек өтілі – 18 жыл.
Оның жетекшілігімен бөлімшеде 3 дәрігер, 11 орта және кіші медициналық қызметкер жұмыс істейді.
Бөлімше ашылғалы, жарты жылға жуық уақыт ішінде мұнда 375 науқас емделіп, 500-ге жуық амбулаторлық қабылдау жүргізілген.
Бөлімше Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына МӘМС аясында шұғыл және жоспарлы көмек көрсетеді.
Ең бастысы, ұялмай, қорықпай, дәрігерге уақтылы қаралып тұру қажет екенін ұмытпаңыздар!