Медицина қызметкері күні қарсаңында аурухана қызметкерлері туралы әңгімемізді жалғастырамыз Бексултанова Алма Кашиноровна – акушер-гинеколог, біліктілігі жоғары санатты маман, денсаулық сақтау үздігі Еңбек өтілі – 27 жыл

Медицина қызметкері күні қарсаңында аурухана қызметкерлері туралы әңгімемізді жалғастырамыз
Бексултанова Алма Кашиноровна – акушер-гинеколог, біліктілігі жоғары санатты маман, денсаулық сақтау үздігі
Еңбек өтілі – 27 жыл
Алма Кашиноровна еңбек жолын медициналық колледжде акушер-гинекология пәнінің оқытушысы болып бастаған, одан кейін облыстық аурухананың перзентхана бөлімінде акушер-гинеколог, Астана қаласындағы №3 перзентхана, №1 перинаталдық орталық, №1 қалалық клиникалық ауруханада гинекология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2018 жылдан Алматыда ҚЖШККА-да гинеколог, УДЗ дәрігері, ҚАҰӨО-да бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Осы жылдың наурыз айынан бастап ҚЖШККА гинекология бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
– 30 жылға жуық уақыт ішінде бірде-бір рет осы мамандықты таңдағаныма өкінген емеспін, – дейді Алма Бексултанова.
Неліктен гинекология?
– Дені сау әйел – дені сау отбасы, салауатты қоғам, салауатты ел. Сайып келгенде, әрбір адамның, демек, адамзаттың денсаулығы әйелдің, болашақ ананың денсаулығынан бастау алады. Бірақ гинекология саласы өте кең, ол әйелдің бүкіл өмірлік циклін қамтиды. Босану – оның аз ғана бөлігі.
– Біздің мамандығымыз үнемі кәсіби өсуді, күнделікті оқуды қажет етеді. Мен өзім үнемі білім алып, біліктілігімді арттырып, жаңа нәрсені үйренемін.
Гинеколог қандай болуы керек?
– Менің түсінігімде, ең алдымен, сіз шыншыл болуыңыз керек. Әдепті әрі пациентке құрметпен қарауыңыз керек. Өз міндетін орындауға атүсті қарамау керек, науқасқа шын жүректен көмектесемін деген ниет болу керек. Гинекологияда науқастың сенімі өте маңызды, ол сізге бәрін айта алуы керек. Оны тыңдап, көмектесу керек: үкім шығармау, сыншы болмау керек. Мәселені шешуге, емдеуге, оны ыңғайсыздықтан арылуға көмектесу керек.
– Құрметті әйелдер қауымы, жақындарыңызға қамқорлық жасауда өзіңіз туралы ұмытпаңыз. Өзіңізді сүю – бұл сіздің денсаулығыңызға да, ішкі сұлулыққа да, сыртқы сұлулыққа да назар аудару. Алты айда бір рет, тіпті сізді ештеңе мазаламаса да, профилактикалық тексеруден өтіңіз. Дер кезінде анықтал ауру аса қиындықсыз емделеді. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін!
ҚЖШККА гинекологиялық бөлімшесі 33 төсек-орынға есептелген.
Алма Кашиноровнаның жетекшілігімен 4 дәрігер және 12 орта және кіші медициналық қызметкер жұмыс істейді.
Бөлімше Алматы қаласының бекітілген аудандарының тұрғындарына және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағынан Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жоспарлы түрде жіберілген науқастарға тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді.