АИТВ жұқтырғандарда эхинококкоздың клиникалық ерекшеліктері

АИТВ жұқтырғандарда эхинококкоздың клиникалық ерекшеліктері
34 жастағы науқас оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі, жүрек айну, құсу, диарея, ауа жетіспеушілігі, жалпы әлсіздік, іштің ұлғаюы, тері мен склераның сарғаюына шағымданып Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының (ҚЖШККА) қабылдау бөліміне шұғыл түрде түсті. Оның үстіне науқас 2020 жылдан бері В20 диагнозымен ЖИТС орталығында диспансерлік есепте. Антиретровирустық терапияны қабылдайды. Анамнезінде 3 жыл бойы бауырдың оң жақ бөлігінде түзіліс (киста) бар. Оны емдемеген.
Гепатобилиопанкреатиттік аймақ УДЗ-сы айқын гепатомегалияны, спленомегалияны, ұйқы безінің бауыр паренхимасында диффузды өзгерістерді, бауырдың оң жақ бөлігінің көлемді кистозды түзілістерін көрсетті.
Құрсақ қуысы және ішастар арты кеңістігі КТ-да бауырдың оң жақ бөлігінде S5, S6, S7, S8 сегменттерінде көлемі 11,3х10,8х10,1см және 12,6х10,1х12,0 см капсула тәрізді дөңгелек пішінді көлемді гиподенсті түзілістер,
Бауырдың оң жақ бөлігіндегі ірі кисталы түзілістердің КТ суреті (эхинококкты кисталар ықтималдығы?), гепатомегалия анықталды.
Отаға дайындықтан кейін науқасқа лапаротомия эхинококкэктомия, цистобиллиарлы жыланкөзді (свищ) жою, қалдық қуысты капитонаждау, оменто-цисто-гепатопексия, құрсақ қуысын дренаждау отасы жасалды.
Ота 3 сағат 20 минутқа созылды.
Отаны: хирург
Нұрхат Есенбеков, ассистенттер
Дильяр Марипжанов,
Жангелди Кашкарбаев, анестезиолог
Бэла Бажинова, оталық медбике Ғалия Алмабаева жасады.
Нұрхат Есенбековтің айтуынша, эпидемиологиялық анамнез мәліметінің және нормоэозинофилияның болмауына байланысты жағдай қиын болды. Сондай-ақ бауыр жылауығын (киста) визуализациялау көбіне дәрігерге эхинококкоз диагнозын қою үшін жеткілікті ақпарат бермейтінін есте ұстаған жөн, өйткені кистозды түзілістерді әр түрлі түсіндіруге болады.
“Жүре пайда болған иммун тапшылығы бар адамдарда биогельминтоздың ағымына иммундық реакцияның жеткіліксіздігінен спецификалық антиденелердің жетіспеушілігі байқалады. Жылауықтың (киста) болуы, оның тұрақты өсуі, жанында туынды элементтерінің пайда болуы, аталған ошақ элементтері метастазы болуы мүмкін органның бастапқы ісіктерінің белгілерінің болмауы да эхинококк белгісі болуы мүмкін. Бұл жағдай эхинококкоздың заманауи зертханалық диагностикасының негізі болып табылатын оң серологиялық реакцияның болмауы АИТВ жұқтырған науқастарда эхинококкозды жоққа шығаруға себеп болмайтынын көрсетеді. Мұндай жағдайда анамнезді толық жинау және басқа зерттеу әдістерін қарастыру қажет,”- деп атап өтті Нұрхат Есенбеков.
Бұл жағдай сирек кездесетін аурулары бар, әсіресе АИТВ инфекциясы сияқты жағдайлармен үйлескенде, науқастарды емдеу кезінде кешенді тәсілдің маңыздылығын көрсетеді.
Науқас отадан кейін 8-күні қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды.