Қасиетті Рамазан айының оразасы кезінде Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымы ауызашар өткізді.

Қасиетті Рамазан айының оразасы кезінде Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымы ауызашар өткізді.
Ауруханада 800-ден астам қызметкер жұмыс істесе, оның 300-ден астамы ауыз бекіткен екен.
Бүгінгі кезекшілікте қызмет еткен 200-ден астам медицина қызметкерінің ораза ұстаған 150-ден астамы үшін арнайы дастарқан жайылып, ауызашар өткізілді.
Ораза тұтқан қызметкерлердің басын қосқан игі шараға арнайы қонақ ретінде “Медеу” қайырымдылық қорының ұстазы Абдул Әзиз шақырылды.
Ұстаз жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бұл ай күллі мұсылман қауымы үшін ерекше уақыт екенін, осы айда ізгі жамағат амал жасап, мол сауапқа кенелуге болатынын айтты. Сондай-ақ, рухани маңыздылық хақында сөз қозғап, тағылымды ойларымен бөлісіп, Рамазан айының қасиеті мен сауабы туралы уағыз-насихат айтты.
Аурухана директоры Алмаз Джувашев өз сөзінде ауруханада бұл игі дәстүр осымен 4-жыл жалғасын тауып келе жатқанын қуанышпен баса айтып, “ең бастысы, ниетіміз таза, пейіліміз түзу болсын. Бір-бірімізге жанашырлық таныта білейік. Ұстаған оразамыз қабыл болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!”, – деп тілегін білдірді.
Барша мұсылман қауымының тұтқан оразасы, жасаған ізгі амалы қабыл болғай!