45 жасар ер адам ҚЖШККА қабылдау бөліміне мойын омыртқасының деформациясына, мойынды бұру және созу кезінде, басын айналдырғанда болатын қатты ауырсынуға шағымданып түсті.

45 жасар ер адам ҚЖШККА қабылдау бөліміне мойын омыртқасының деформациясына, мойынды бұру және созу кезінде, басын айналдырғанда болатын қатты ауырсынуға шағымданып түсті.
Тексеру кезінде мойын омыртқасының томографиясында 2-мойын омыртқасының аяқшасы мен буынының сынуы, екінші мойын омыртқа денесінің травматикалық листезі (бұл сынықты «баскесер сынық» деп те атайды) және Бехтерев ауруы анықталды.
Бехтерев ауруы (анкилозды спондилоартрит) – омыртқааралық буындар зақымданып, элементтердің өзара бірігуі (анкилоз) орын алатын созылмалы ауру.
«Баскесер сынығы немесе екінші мойын омыртқасының травматикалық спондилолистезі С2 аяқшаларының сынуы және аксис денесінің алға жылжуы алғаш рет дарға асу арқылы жазалау орындалғанда сипатталған. Содан осылай аталып кеткен», – деп түсіндірді медицина ғылымдарының докторы Виктор Крючков.
Кейіннен мұндай жарақат жол-көлік оқиғасы кезінде, құлағанда және басқа жарақат кезінде де сипатталған. Екінші мойын омыртқасының бірегейлігі оның мойындағы қозғалысты айналудан иіліп-созылуға және оң не сол жаққа иілуге ​​ауыстыратынында. Аяқшалардың сынуы және С2 денесінің жылжуы басты айналдыру бұлшықет аппараты бекітілген күшті аксис доғасының айқын қозғалғыштығына (тұрақсыздығына) әкеледі. Бұл мойынның ауыр биомеханикалық проблемаларын және созылмалы ауырсынуды тудырады. Анкилозды спондилоартрит (АС), яғни Бехтерев ауруы, серонегативті спондилоартропатияның түрі. АС ауруы жылына 100 мың адамға шаққанда 0,5-14 жағдайды құрайды. Созылмалы буын қабынуы дамыған сайын,
байламдар мен омыртқааралық дискілер омыртқа бағанының құрылымын біріктіріп, оны қатты оське – «бамбук таяқшасына» айналдырады. АС-мен ауыратын науқастарда, басқаларға қарағанда, сүйек сыну қаупі жоғары, тіпті өте төмен энергетикалық жарақат омыртқаның сынуына әкелуі мүмкін.
«Біз АС-дан туындаған омыртқаның сынығы туралы қолда бар отандық және әлемдік әдебиетті талдап, келесіні анықтадық: AС-мен ауыратын науқаста омыртқаның сынуының ең көп таралған орны төменгі мойын омыртқасы; кеуде омыртқасының сынығы Бехтерев ауруымен ауыратын пациенттердің 50%-ын дерлік құрайды. Біз AС фонында “баскесер” сынығының бірде-бір сипатталған жағдайын таппадық.
Қазір Бехтерев ауруы және омыртқаның басқа патологиясы кезінде омыртқа сынығын хирургиялық емдеу тактикасын таңдаудың бірыңғай алгоритмі жоқ, хирургиялық емдеу әдісін таңдау хирургтың тәжірибесіне және емдеу мекемесінің дәстүріне байланысты», – деп атап өтті доктор Крючков.
Осылайша консилиум өткізіліп, ҚЖШККА нейрохирургия бөлімінің дәрігерлері жедел ота – окципитоспондилодез жасау туралы шешім қабылдады.
Бұл бас сүйектің және мойын омыртқалары сүйектерін бекітуді қамтитын нейрохирургиялық ота.
Отаны нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Константин Ли мен нейрохирург Максим Аргумбаев, анестезиолог Ринат Қасенов жасады.
Ота 2 сағатқа созылды.
Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтті, неврологиялық тапшылық орын алған жоқ.
Науқас үйге шығуға дайындалып жатыр.