Ұлыстың Ұлы күні – әз-Наурыз құтты болсын!

Ұлыстың Ұлы күні – әз-Наурыз құтты болсын!
Күн мен түн теңелген Наурыз мейрамы ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз елімізге құт-береке, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық әкелсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ақ мол, жыл ырысты, ұлыс оң болсын!
Ізгі ниетпен: Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы