Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының сәулелік диагностика бөлімінің мамандары «ӨИА (өкпенің интерстициалды аурулары) мультидисциплинарлы көзқарастағы рентгенолог пен клиницист арасындағы диалог» тақырыбында өткен семинарға қатысты.

Семинардың арнайы спикерлері РФ Денсаулық сақтау министрлігінің сәулелік диагностика жөніндегі бас штаттан тыс маманы И.Е.Тюрин, Алматы қаласының бас штаттан тыс пульмонологы, м.ғ.д., проф. С.Л.Касенова және м.ғ.к., Аймақтық диагностикалық орталықтың пульмонолог-консультанты, «Қалалық респираторлық қоғам» ҚҰ төрағасы С.М.Ералиев болды.
Семинар барысында бірнеше жағдай қаралып, ӨИА диагностикасындағы КТ рөлі, өкпе ауруларын диагностикалау мен емдеудің дифференциациясы мен алгоритмі сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Біздің мамандардың семинарға қатысуы оларға күнделікті жұмыста жаңа білім мен әдісті қолдануға мүмкіндік береді, бұл біздің пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасына тікелей оң әсер ететіні сөзсіз. Біз жұмысымызды үнемі дамытып, жақсартуға ұмтыламыз.