Аурухана қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз Боранбаева Гүлзира Мұхаметжанқызы

Аурухана қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз
Боранбаева Гүлзира Мұхаметжанқызы
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімшесінің аға медбикесі
Еңбек өтілі – 16 жыл
2004 жылы Республикалық орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау колледжін «жалпы практика медбикесі» мамандығы бойынша бітірді.
2016 жылы Польшада медициналық сақтандыру бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті
2018 жылы Израильде «Ауруханалардағы қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру» бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті
2021 жылы Алматы жоғары медициналық колледжін Медбике ісі бойынша қолданбалы бакалаврды бітірді
Гүлзира өзінің еңбек жолын Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасында консультациялық-диагностикалық бөлімшеде медбике болып бастаған, алты айдан кейін бөлімшенің аға медбикесі болып тағайындалды.
2018 жылдан бастап Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында қабылдау бөлімшесінің аға медбикесі болып жұмыс істейді.
– Мен аға медбике бірінші кезекте медициналық көмек көрсету сапалы әрі жылдам болуы үшін жұмысты дұрыс ұйымдастыруы керек деп санаймын, – деп бастады Гүлзира Боранбаева.
Қабылдау бөлімі әрдайым аурухананың «алдыңғы шебі» болып табылады.
– Шыны керек, негізі медбике үнемі пациентпен қарым-қатынаста болады. Сол себепті медбике атану үшін жан дүниең мейірімге толып, дертіне ем іздеген жандардан жан-шуағыңды аямау, адамдардың ажалына араша болып, үстіне киген ақ халатыңды кірлетпеу, әрқашан болмысыңды асқақ ұстап, мамандығыңның науқастарға зәру екеніне көз жеткізу керек, – деп жалғастырды Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімшесінің аға медбикесі Гүлзира Боранбаева.
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөліміне түскен әрбір пациент – жеңіл аурумен болсын, ауыр сырқатпен түскен адам болсын – барлығы ерекше назарды қажет етеді.
– Аға медбике ретінде менің міндетім – науқастың қабылдау бөлімшесінде болу уақытын мейлінше қысқарту. Мен бөлімшедегі жұмыс пен тәртіпті қадағалаймын, – дейді Гүлзира Боранбаева.
Сонда аға медбике қандай болу керек?
– Алдымен сіз көп еңбек етіп, өз мамандығыңызды жақсы көруіңіз керек. Сіз жедел болуыңыз керек, бір уақытта бірнеше міндетті орындау, қызметтің әр түрлі аспектілерін үйлестіре білу, орта және кіші медициналық персоналдың жұмысын ұйымдастыру және басқара білуіңіз керек. Сіз өзіңіздің жұмысыңызға оң көзқараспен қарауыңыз керек, пациенттермен және дәрігерлермен өзара түсіністік таба білуіңіз және жақсы орындаушы болуыңыз керек. Науқастың шағымына жауап беріп қана қоймай, оны сабырға салу, тез қалпына келуі үшін психологиялық тұрғыдан бейімдеу маңызды. Сондықтан пациентпен сөйлесу өте маңызды, – деп баса айтады Гүлзира Мұхаметжанқызы.
– Тағы бір маңызды нәрсе – жұмыстан бөлек хобби болған дұрыс. Мәселен, мен тігін тігуді ұнатамын, дәмді тамақ дайындағанды ұнатамын, волейбол ойнаймын. Біздің ауруханамыздың волейболдан командасы да бар.
Бүгінгі күні қабылдау бөлімінде 41 медбике істейді. Оның ішінде 9 мейіргер бар. Олар өз білімін жоғарылатумен қатар тиімді көшбасшылықты басқаруды меңгеріп, дәрігерлермен серіктес ретінде қызмет атқарып жатыр.