Ұлыстың Ұлы күні – әз-Наурыз құтты болсын!

Ұлыстың Ұлы күні – әз-Наурыз құтты болсын!
Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған, күн мен түн теңелген Наурыз мейрамы ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз елімізге құт-береке, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық әкелсін!
Бүкіл әлем күресіп келе жатқан тәжтажал індеті кезінде ең бастысы амандық, зор денсаулық тілейміз.
Бұл сынақтан аман-есен өтіп, еліміз тыныш, туған жер аман болсын.
Шыдамды да сабырлы болып, өзімізді күтейік, сақтанып жүрейік!
Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық!