АУРУХАНАДАҒЫ ТАМАҚ МАХАББАТПЕН ЖАСАЛСА – ДӘМДІ БОЛАДЫ

АУРУХАНАДАҒЫ ТАМАҚ МАХАББАТПЕН ЖАСАЛСА – ДӘМДІ БОЛАДЫ
«Тамағы деген керемет», «Бізді соғымға семірткендей тамақтандырды», «Аурухана үшін нанғысыз өте дәмді болды», «Тамағыңыз үшін рахмет».
Осыған ұқсас пікірлерді біздің пациенттер жиі қалдырады.
Емдеу деген тек ота жасау, дәрі-дәрмек тағайындау, күтім жасау, қалпына келтіру мен бақылаумен ғана шектелмейді ғой. Бұған дұрыс тамақтану да кіреді.
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында дұрыс тамақтану үшін асхана меңгерушісі Александр Тышкевич және оның командасы жауап береді.
Бүгін біз осы көрінбейтін майданның жауынгерлері туралы айтып береміз.
– Пациенттер жеген тамағы туралы пікірлерін қалдырған кезде, қуанып қаламыз.
Себебі біз тамақ дайындағанда, бар жанымызды саламыз. Өйткені емделушілердің сауығып кетуіне өз үлесімізді қосқымыз келеді, – дейді Александр, – Ауруханада жасалатын тамақтың өзіндік ерекшелігіне қарамастан, мәселен оған тұз бен қантты барынша аз мөлшерде салу керек, біз мәзірді, мүмкіндігімізше, әртараптандыруға тырысамыз. Біз түрлі сорпалар, гарнирлер дайындаймыз, бірақ ең бастысы, аспаз ретінде біз бәрін сүйіспеншілікпен және жақсы көңіл-күймен жасаймыз.
Александр ауруханада он жылдан бері істейді. Басында ет цехінде аспаз болып істеген. Ауруханаға дейін ол мейрамханаларда да жұмыс істеді, екі колледж және технологиялық университетті аспаз-технолог мамандығы бойынша бітірді.
Мейрамхананы ауруханаға ауыстырғаныңызға өкінбейсіз бе деген сұраққа ол еш ойланбастан:
– Мейрамханада, әрине, жасампаздыққа орын көп, дегенмен осында мен өзімді жайлы сезінемін. Өз ұжымымды жақсы көремін және емделушілердің сауығып кетуіне қатысым болғанына қуаныштымын. Үйде көңіл-күйіме қарай таңдаулы тағамдар дайындаймын. Менде белгілі бір авторлық деп атайтындай нақты бір ас жоқ, бірақ қаласам, қолымнан бәрі келеді. Осылайша, жасағым келгенде, шынымен керемет нәрселерді жарата аламын.
Ал ауруханада біздің басты міндетіміз адамдардың сауығуына көмектесу, оларды пайдалы да нәрлі тағаммен тамақтандыру, – деп жауап берді.