Аурухана қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз

Аурухана қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз

Текчебаева Гульнара Григорьевна
Жоғары санатты медбике
Еңбек өтілі – 30 жылдан астам

Семей облысы Бородулиха медициналық училищесін үздік бітірген. Еңбек жолын Шелектегі Орталық аймақтық аурухананың жансақтау бөлімінде 1989 жылы бастаған.
1996 жылдан бастап аға медбике. 2011 жылдан қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында жұмыс істейді. Алдымен неврологиялық бөлімшенің аға медбикесі, ал 2019 жылдан қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы инфекциялық бақылау медбикесі қызметін атқарады.
– Кішкентай кезімде өмірімді медицинамен байланыстырамын деп шештім. Медбике мамандығы, менің ойымша, ең адамгершіл және қажетті мамандықтардың бірі. Мен дұрыс таңдау жасағаныма сенімдімін, қашанда адамдарға көмектескім, оларға қамқор болғым келеді, – дейді Гульнара Григорьевна.
Инфекциялық бақылаудың ең маңызды әрекеті – қолды дұрыс жуу. Көп жағдайда патогендер бір науқастан екіншісіне қол арқылы өтеді. Бұл ең бірінші, әрі ең маңызды, сонымен бірге ең қарапайым шара. Қол гигиенасы – қолғапты киер алдында және оны шешкеннен кейінгі басты алғышарт.
Қол гигиенасы, қолғап, маска, дезинфекция, зарарсыздандыру, залалсыздандыру, медициналық қалдықтар, сақтық шаралары, алдын-алу және осылардың бәрімен байланысты шаралар инфекциялық бақылауға қатысты.
– Былтырдан бері, пандемияның басталуына байланысты бізге одан да үлкен жауапкершілік және одан да көп жұмыс жүктелді. Сондықтан, мен COVID-19 таралуына жол бермейтін шараларды сақтаудың маңыздылығын тағы бір атап өткім келеді:
• Қолдың гигиенасын сақтаңыз. Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз немесе зарарсыздандырғышты қолданыңыз.
• Адам көп жерде маска киіңіз.
• Көз, ауыз немесе мұрныңызды қолмен ұстамаңыз.
• Жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды жабыңыз.
• Өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде болыңыз.
• Дене қызуы көтерілсе, жөтелсеңіз немесе ентіксеңіз дәрігер шақырыңыз.

Өзіңізге мұқият болыңыз!

Сөз соңында, өз әріптестерімді келе жатқан – Халықаралық медбике күнімен құттықтағым келеді! Жұмыста жан тыныштығын, талапты науқастармен шыдамдылық, өз жұмысыңызға мұқият және жауапкершілікпен қарауыңызды тілеймін. Қолыңыз дерт көрмесін! Және науқастардың алғысы көп болсын!

Мерекелеріңізбен, әріптестер!