Бүгін Халықаралық медбикелер күні

Бүгін Халықаралық медбикелер күні
Мейірімділік пен жылылық символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған медбике ісі – қашанда сый-құрметке лайық. Өйткені, тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда медбике жұмысына тікелей байланысты.
Науқаспен 90% уақытын өткізетін де медбикелер. Олар режимнің сақталуын, медициналық процедуралар мен медициналық рецептілердің жүзеге асырылуын бақылап, жүзеге асырады. Пациенттердің дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдауын қадағалайды, ине шаншып, ота алдында пациенттерді дайындайды және күрделі емдік-профилактикалық шараларды жүргізеді.
Бұл жоғары кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар сабырлы болуды және стресс атаулыға төзімді болуды қажет етеді. Олардың жылы сөздері науқастың сауығуында маңызды рөл атқарады.
Әсіресе бүгінгі күні әлемде орын алған пандемия кезінде медбике мен мейіргерлердің еңбегін атап өтпеске болмас!
Ерең еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Ізгі ниетпен, қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы