Жеңіс күні құтты болсын!

Жеңіс күні құтты болсын!

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Жыл өткен сайын Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады.

Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын пида еткен азаматтарымызды мәңгі есте сақтаймыз!
Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!

Құрметті Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ізгі ниетпен: Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы