Ауруханамыздың қызметкерлері өздері жайында әңгімелейді. Роза Толыбаева

Ауруханамыздың қызметкерлері өздері жайында әңгімелейді.
Роза Толыбаева
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің қызметкері
Еңбек өтілі – 5 жыл
– Менің анам 43 жыл еңбек атқарған көз дәрігері. Бала кезден анамның қасында жүріп, медицинаға жақын болдым. Сол кезден акушер боламын деп армандайтынмын.
ҚЖШККА-да 2017 жылдан бастап еңбек етіп келемін.
2019 жылы Есік медицина колледжіне оқуға түсіп, қазір 4-курс студентімін.
Қабылдау бөлімінде науқастарды тасымалдау, алғашқы көмек көрсету – басты міндетім. Бізге түскен науқастың бәріне мейірім төгіп, барынша көмек көрсетуге тырысамын.
5 жыл ішінде мамандығымды таңдағаныма өкінген кезім болмады. Жұмыстан қаншалықты шаршап, қиын сәттерді бастан өткерсем де, өз мамандығымды жақсы көремін. Ауруханадағы жұмыс атмосферасы үшін аурухана әкімшілігіне және қызметкерлеріне алғысым шексіз. Біздің ұйым өте ұйымшыл.
Биыл медицина қызметкерлері және халықаралық медбикелер күніне орай еңбегім еленіп, аталып өтті.
Бос уақытымда серуендеуді, музыка тыңдағанды ұнатамын. Спортқа жақынмын.
“Мейіргер және медбике” атты шағын-футболдан өткен жарыста біздің команда бірінші орынды алған.
Оның үстіне бір ұл, бір қыздың бақытты анасымын.
Бүгінгі күніме Жаратқан иеме алғысым шексіз.
Алға қойған мақсат-армандарыма жетемін деп сенемін