Күннің аптап ысуы адам денсаулығына зиян екенін бәріміз білеміз. Ауа температурасы 35 градустан жоғарылап кетсе, ағзамыздағы термореттегіш механизмі бұзылады.

 Нәтижесінде күн өтіп, жүрек жұмысы нашарлауы мүмкін. Адамның ысып кетуі мынадай белгілерден байқалады: терінің қызаруы, кілегей қабықшаларының құрғауы, шөл. Адам есінен танып, тынысы тарылып, жүрегі тоқтауы мүмкін. Есіңізде болсын, күнге күйген теріден тер бөлінбейді және ол салқындатылмайды.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөліміне өткен аптада, қалада 40 градустан асқанда, қатты ыстықтан тәулігіне 7-8 науқас қан қысымы көтеріліп түскен.
ҚЖШККА қабылдау бөлімінің терапевт маманы Шидерова Наиля Даулетовна аптап ыстықта ең алдымен жасы егде қариялар, кішкентай балалар және дем алу жолдары, жүрек қан-тамырлары аурулары бар науқастар зардап шегеді дейді.
Бастан күн өтпес үшін не істеу керек?
– Көбірек су ішіңіз;
– Алкогольді немесе газдалған тәтті сусындардан бас тартыңыз, олар организмдегі процесстерді төмендетеді;
– Ашық түсті ауа өткізетін киім киіп, басыңызға күннен қорғайтын бас киім, көзіңізге көзілдірік киіңіз;
– Мүмкіндігінше күн астында жүрмеуге тырысыңыз, мұндай кезде көлеңкені тасалау керек;
– Ыстықта денеге ауыртпалық түсірмей, дене белсенділігін төмендету керек;
– Салқын сумен немесе суық суға малынған орамалмен бетті жиі сүрткен жөн;
– Жеңіл тамақ жеген дұрыс: көкеніс, жеміс, пісірілген балық пен тауық етін, сорпа ішкен жөн. Майлы, қуырылған, тәтті, ащы, тұзды тағамдарды рационнан алып тастаған жөн;
– Кеңсеге терлеп кірген бойда кондиционер астына барып отырсаңыз, кем дегенде мұрныңыз пысылдауы мүмкін, әйтпесе, радикулит пен пневмонияға шалдығасыз. Тіпті ең ыстық деген күннің өзінде кондиционер градусын тым төмен түсіруге болмайды. Ең тиімдісі – дала мен ғимарат ішіндегі температура айырмашылығының 10 градустай болғаны;
– Жылу әсер етсе, көлеңкеге немесе желге шығыңыз, салқын душқа түсіп, асықпай көп мөлшерде су ішіңіз. Күн өтуден сақтану үшін денеңізді суытуға тырысыңыз.
Күн өткенін қалай білуге болады?
– Ең алдымен бас айналады, тіпті адам есінен айрылып қалуы да мүмкін;
– Жүрек айнып, құсқыңыз келеді;
– Бас ауырады;
– Демалуыңыз тарылып, жүрек соғысы бәсеңдейді;
– Қатты шөл қысады.
Егер осы аталған белгілерді сезсеңіз, көлеңкелі жерге барып, салқын су ішуіңіз керек. Ауруыңыз басылмаса дереу дәрігерге қаралыңыз.
Өзіңізді күтіңіз, аман болыңыз!