Тайлақ Гүлсім Бегімханқызы

Тайлақ Гүлсім Бегімханқызы
Еңбек өтілі – 6 жыл
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімшесінің медбикесі өзі жайында баяндайды.
– Менің бұл салаға келіп, медбике атануыма бірден бір себепші кісі – менің әкем, – деп бастады әңгімесін Гүлсім Бегімханқызы. – 2011 жылы Шәкәрім атындағы орта мектепті тәмамдап, Алматы қаласы Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетіне психология мамандығына грантқа түскен жерімнен әкем барлық құжатымды алып, ОҚО Сарыағаш ауданындағы «Арыстан Баб» колледжіне медицина саласына ақылы оқуға түсірді.
Осылайша қызыл диплом иеленіп, күндізгі емхана, дәріханаларда жұмыс атқарып, тәжірибе жинадым.
ҚЖШККА-да 2017 жылдан әуелі №2 травматология бөлімінде қызмет атқардым. 2020 жылдан қабылдау бөлімінде істеймін.
Басты мақсатым: ауруханамызға дертіне шипа іздеп, бізге бір үміт артып келген әрбір жанға кішіпейілділік, ізеттік, ілтипат көрсетіп, жылы сөз айтып, жанына жылу беріп, құрметпен қарап, жүрекпен сезініп қабылдап, қолдан келгенше көмекті аямай, дәрігердің тағайындауымен науқастың денсаулығын жақсарту.
Бізге келген науқастан қарғыс емес, алғыс алғанды алға мақсат етіп қойғанбыз.
Осы салада қызмет етіп, ақ халатты абзал жан атануыма себепші болған әкеме мың алғыс.
Медицина маған үлкен бақыт, қуаныш сыйлады.
Осы мамандықтың арқасында қаншама жанға көмегім тиіп, алғыс алып жүрмін.
Қабылдау бөлімінде жүріп қанша дос, құрметті әріптес арттырдым.
Қазіргі таңда осы мамандықты одан әрі жетілдіру үшін РЖМК-да медбике ісі мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатта оқып жатырмын.
Алла қаласа, 2022 жылы екінші диплом иегері боламын.
«Адалдық – ардың ісі,
Ауырлық көтеру – нардың ісі» – демекші, жұмысымды қанша ауыр болса да, нардың күшіндей күш жинап, адал еңбек етіп, халық алғысына бөленіп жүре берейік.