Рысқалиева Ақмарал Ықласқызы

Рысқалиева Ақмарал Ықласқызы
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 2015 жылдан істейді.
– Ауруханамыздың ұжымы өте ұйымшыл, мені жылы қабылдады. Шыны керек, тез үйреніп кеттім. Осында істегеніме, міне, 7 жылдан асты.
Науқасқа алғашқы көмек көрсету, оларды ем қабылдау бөлмелеріне тасымалдау және тазалық үшін жауап беру – менің басты міндетім.
Ауруханада, әсіресе, қабылдау бөлімшесінде жұмыс істеу үшін ең бастысы сабыр керек, шыдамды болу керек. Өйткені ауруханаға түсетін пациенттердің халі де, көңіл-күйі де, жалпы жағдайы да түрлі болады.
2 қыз, 1 ұлдың анасымын. Ұлым да медицина жолын таңдады, медициналық колледжге оқуға түсіп, әуелі кіші мейіргер, кейін мейіргер болып қызмет етіп келеді.
Ұлымды үйлендіріп, келін түсіргенде де, құттықтап, қолдаған ұжымның мүшесі болғанымды мақтан етемін. Жалғыз келінім де медицина саласын таңдаған.
Жалпы ауруханада жұмыс істегеніме өкінген емеспін. Мұндағы тәжірибемнің арқасында үйдегі ата-енеме, үлкен кісілерге алғашқы көмек көрсете аламын.
Қашанда қол ұшын созып, көмек көрсетіп, қолдап отыратын аға медбикеміз Гүлзира Мұхаметжанқызына алғысым шексіз.
Еңбегімді елеп, медицина қызметкерлері күніне орай алғыс хатпен марапаттаған басшылыққа да ризашылығымды білдіремін.