Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына аккредиттеудің бірінші санаты берілді

Құрметті достар!
Сүйінші! Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына аккредиттеудің бірінші санаты берілді.

Сыртқы кешенді бағалау нәтижелері және аккредиттеу комиссиясының шешімі бойынша (24.12.2021 жылғы №167 бұйрық) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің негізінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына бірінші санат беріліп, аурухана 3 жыл мерзімге аккредиттелген деп танылды.

Осы куәлік денсаулық сақтау субъектісінің қызметі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына сәйкес екенін куәландырады.

Бас дәрігер Джувашев Алмаз Болатұлының жетекшілігімен Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы мұнымен тоқтап қалмай, одан әрі үздіксіз дамуды жалғастыра береді.