(Русский) В ГБСНП общее количество сотрудников среднего медицинского персонала – 352. Среди них 27 медбрата. Накануне 7-го мая хотим рассказать о наших медбратьях. Ведь 7 мая – это праздник не только военных и тех, кто служил или служит, но и всех мужчин, которые работают на благо страны и вносят вклад в ее развитие, особенно тех, кто борется за жизнь и здоровье пациентов.

ҚЖШККА-да орта медициналық персоналдың жалпы саны – 352. Оның ішінде 27 мейіргер бар.
Мамырдың 7-сі қарсаңында мейіргерлер туралы сөз етсек. 7 мамыр – әскерилер мен әскери борышын өтеген немесе өтеп жатқандардың ғана емес, ел игілігі үшін еңбек етіп, оның дамуына үлес қосып жүрген барша ер азаматтардың, әсіресе, адам өмірі мен денсаулығы үшін күресіп жатқандардың мерекесі.
Аким Данияр Маликулы
Терапия бөлімшесінің мейіргері
Медициналық колледжді фельдшер мамандығы бойынша бітіргеннен кейін 4 жыл Төтінше жағдайлар министрлігінде жұмыс істеген.
ҚЖШККА-да 2020 жылдан бастап мейіргер болып істейді.
– Ауруханаға жұмысқа тұрғанда, Covid-19 вирусымен бүкіл дүние жүзі күресіп жаткан еді. Тәж вирусы біздің елімізге де көптеген қиыншылықтар алып келді. Бұл медицина қызметкерлері үшін ауыр сынақ кезеңі болды. Мен үшін де өте ауыр кез болған. Ауруды жұқтырғандар саны тым көп, күннен күнге көбейіп жаткан, қанша қиын болса да ұжым болып, аурухана болып бір-бірімізді қолдап, демеу болып, қолымыздан келгенше жұмыс істедік және, шүкір, көздегенімізге жеттік! Енді еліміздің басына бұндай ауыр күндер келмесе екен деп тілейміз!
– Медицина саласы өте маңызды, төзімділік пен сабырлылықты, табандылықты талап ететін, адам өмірі мен тағдырын шешетін үлкен сала. Сондықтан осы мамандықты таңдадым, адамдарға қандай да болмасын көмегім, пайдам тигенін қаладым және сол үшін барымды салып жүрмін. Мен өз жұмысымды мақтан тұтамын да жақсы көремін!