7 мамыр – әскерилер мен әскери борышын өтеген немесе өтеп жатқандардың ғана емес, ел игілігі үшін еңбек етіп, оның дамуына үлес қосып жүрген барша ер азаматтардың, әсіресе, адам өмірі мен денсаулығы үшін күресіп жатқандардың мерекесі.

7 мамыр – әскерилер мен әскери борышын өтеген немесе өтеп жатқандардың ғана емес, ел игілігі үшін еңбек етіп, оның дамуына үлес қосып жүрген барша ер азаматтардың, әсіресе, адам өмірі мен денсаулығы үшін күресіп жатқандардың мерекесі.
Қалиев Болат Кәкетайұлы
Жоғары санатты мейіргер
Еңбек өтілі – 22 жыл
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің жарақат таңу кабинетінде 2017 жылдан бастап істейді.
2 қыз, 1 ұлдың сүйікті әкесі.
Болат Кәкетайұлы туралы басшылығы өз ісінің шебері деп айтады.
Таңу кабинеті – бұл таңуды жүзеге асыруға, жарақатты тексеруге және емдеу кезінде қарастырылған басқа да манипуляцияларды жүргізуге арналған арнайы жабдықталған бөлме. Кабинетте тігістер мен таңғыштарды алу және салу, пункция және т.б. жүзеге асырылады.
– Мейіргер ісі өз қызығы мен қиындығы бар жұмыс. Дәрігердің иығында қандай жауапкершілік болса, бізге де жүктелген міндеттер сондай. Десе де, қызметіңе берілсең, кез келген қиындыққа қарсы тұрасың, – деп бастады мейіргер.
– Алғашқы көмек көрсету – елдің қажеттілігін қамтамасыз ету деп білемін. 22 жыл тәжірибем ішінде көптеген жағдайды бастан кештім. Науқас жағдайын бағалау әдісі жанашырлық, адалдық, мейірімділік ұстанымдарына сай болуы керек. Қашанда әрбір науқастың сеніміне ие болуға барымды саламын. Науқасқа деген сүйіспеншілік өз қажеттіліктеріңді екінші орынға қою дегенді білдіреді. Бірінші орында қашанда науқас және жағдайы тұрады.
– Аурухана басшылығы еңбегімді бағалап, біраз марапаттарға ие болдым. Сондықтан жыл сайын кәсіби шеберлігімді арттырып, халыққа барынша көмек көрсетуге тырысамын.
– Қазіргі таңда білімімді жетілдіру мақсатында жоғары оқу орнында бакалавриатта оқып жүрмін.
– Менің еңбегімді түсініп, маған әркез қолдау білдіріп отырған отбасыма алғыс білдіремін.
Мереке құтты болсын!