ҚЖШККА-да 3 қызметкерді зейнет демалысына шығарып салды

Зейнет демалысына шығу – әр адамның өміріндегі ерекше уақыт, өмір жолының белгілі бір кезеңі өтіп, еңбегінің жемісін жиып, түгендейтін кез келген сәт.
Бүгін Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында зейнеткерлік жасқа жеткен үш қызметкерді абыроймен зейнет демалысына шығарып салды.
Ғайсина Сәния Абдуллановна – травматология бөлімшесінің медбикесі, ауруханада соңғы 11 жыл жұмыс істеді.
Семятова Арзыгүл Мерекеқызы – травматология бөлімшесінің кіші медбикесі, ҚЖШККА-да 8 жыл жұмыс істеді.
Шамчадинова Балақан – урология бөлімшесінің кіші медбикесі, буфетшісі, ауруханада 4 жыл жұмыс істеді.
Аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев әріптестерінің еңбегін елеп, алғыс білдіріп, зор денсаулық, ұзақ өмір және жақсы демалыс тіледі, өйткені зейнетке шығу отбасымен, жақындарымен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік береді.
– Алдағы уақытта еткен еңбектеріңіздің жемісін көрулеріңізге тілектеспіз! Отбасыларыңызға амандық және өміріңіздің жаңа кезеңінде табыс тілейміз, – деді аурухананың бас дәрігері.