Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!
Ұстаған ораза, жасаған дұға-тілектер, құлшылық-ғибадаттар, әрбір қайырлы амалдар қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыздың бірлігі нығайып, берекесі арта берсін!
Осымен екінші жыл бүкіл әлем мұсылмандары қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізіп жатыр. Жер бетінде жұқпалы індет жойылып, қауіп-қатерден аман өтейік деп тілейік.
Жүректеріңіз нұрға, мейірімділікке, жақсылыққа толсын, игі ойларыңыз бен істеріңіз мың есе өтелсін.
Ниеттеріңіз қабыл болсын!
Құрметпен, Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы