Аурухана қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз

Аурухана қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз
Ракишева Гулшат Сансызбаевна
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің бас медбикесі
Еңбек өтілі – 20 жыл
Жоғары санатты медбике
Гүлшат Сансызбайқызы, өзіңіз туралы айтып берсеңіз
– Мен кішкентай кезімнен дәрігер болғым келді, бірақ мединститутқа түсе алмадым, – дейді Гүлшат Рақышева. – Сондықтан медучилищеге түстім. Оқуды бітіре сала Алматы теміржол ауруханасының емдеу бөлмесіне медбике ретінде жұмысқа тұрдым. Содан кейін терапия, неврология, жансақтау, барлық дерлік бөлімшелерде жұмыс істеп шықтым.
– Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 2011 жылдан бері жұмыс істеймін. Аға медбике ретінде жетінші жыл жұмыс істеп келемін. Биыл РМК-да «Жоғары медбике» бакалавр дәрежесін алдым.
Нейрохирургиялық бөлімше медбикесінің жұмысы қандай?
– Пациенттерді емдеуде оларды дұрыс күту өте маңызды. Біздің бөлімшеде пациенттер омыртқа жарақаттары салдарынан, хирургиялық араласудан кейін қозғала алмайды және тиісті күтімді қажет етеді. Отадан кейінгі қиын науқастар жиі көмек сұрайды. Болашақта асқынуларды болдырмау үшін медбикелер науқастарға уақытында көмек көрсетуге барынша тырысады. Күтімнің мөлшері науқастың жағдайына, оның жасына, хирургиялық араласу мөлшеріне және тағайындалған режимге байланысты. Тыныс алу жүйесінің функциялары бұзылған науқастар бар, оларға жоғарғы тыныс жолдарын мұқият күтіп ұстау қажет, олар мұрын-жұтқыншақ қуысынан шырышты үнемі кетіруді қажет етеді, қажет болған жағдайда – трахеяны санитарлық тазарту жүргізіледі. Есте сақтау керек, омыртқа аурулары бар науқастарға мұны қабылдау қиынға соғады, олар депрессияға түсуі әбден мүмкін. Сондықтан біздің медбикелер науқастарға тек физикалық күтім ғана емес, сонымен қатар психологиялық қолдау да көрсетеді.
– Бізде штатта бөлімше меңгерушісі Константин Юрьевич Ли бастаған 6 дәрігер, 11 медбике және 9 кіші медициналық қызметкер жұмыс істейді. Кеше ғана кәсіби мереке – нейрохирургтар күні өтті. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен дәрігерлерімізді өткен мерекемен құттықтағым келеді. Жаңа кәсіби шыңдарды бағындыруды тілей отырып, еңбегіңіз лайықты марапаттар әкелсін дегім келеді. Мен осындай ұжымда жұмыс істегеніме қуаныштымын!