Дүниежүзілік науқас күні бүкіл әлемде жыл сайын ақпанның 11-інде атап өтіледі.
Дүниежүзілік науқас күні мейірімділік, науқасқа деген жылы көзқарас, қамқорлық, қиналған жанға жақсы күтім көрсете білу керек екенін еске салатын күн.
Қалың жұртты өз денсаулығына назар аудару, оның маңыздылығын, құндылығын тағы бір түсінуге бағытталған әлеуметтік қадам ретінде ойластырылған.
Бұл күнді науқас адамдарға дертімен күресуге көмектесетін дәрігерлердің құрметіне де арналған күн деп атауға болады. Заманауи медициналық жабдықтың және жаңа дәрі-дәрмектің көмегімен медицина қызметкерлері аурудың кең шоғырын емдеп, диагностика және қажетті жағдайда ота жасайды.
Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы Алматы қаласы және бүкіл Қазақстан тұрғындарына жоғары білікті шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. Ауруханада 320 стационарлық төсек-орын және 15 күндізгі стационарлық төсек-орын бар. Заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған жан сақтау бөлімі бір мезгілде күндізгі стационар бөлімшесінің 12 науқасын қабылдай алады.
Ауруханада 11 м.ғ.к. және 2 м.ғ.д. жұмыс істейді, мұнда жетекші медициналық университет кафедраларының базасы орналасқан. ҚЖШККА штаты барлығы 881 қызметкерден тұрады. Дәрігерлер мен медбикелер үнемі біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасады.
ҚЖШККА қабылдау бөліміне күн сайын медициналық көмекке 170-190 адам жүгінеді, соның ішінде жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген, өз бетінше жүгінген және емханадан жіберілген науқастар бар.
Әрқайсымыз науқас адамға қамқорлық жасап, мейірімділік таныту арқылы көмектесе аламыз. Өкінішке қарай, әрбіріміз пациент рөлінде бола аламыз. Сондықтан бұл күн әрқайсымызды алаңдатып, денсаулық туралы ойлануға себеп болады.
Өз денсаулығыңызға, отбасыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына көңіл бөліңіз!