Бүгін Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 2022-2023 жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмауға қарсы санитариялық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар аясында санитарлық-эпидемиологиялық…..

Бүгін Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 2022-2023 жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмауға қарсы санитариялық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар аясында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің мамандарының және Ұлттық сараптама орталығы филиалының вирусологиялық зертханасы мамандарының қатысуымен Алматы қаласы медициналық ұйымдарының қызметкерлеріне арналған «Тұмау мен ЖРВИ клиникасы, дифференциалды диагностикасы, емдеуі және алдын алу мәселелері» бойынша семинар өтті.
Семинар барысында Алматы қаласында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай; Тұмау және ЖРВИ: клиникасының эволюциясы, диагностикасы, емдеуі және алдын алуы; ЖРВИ, тұмаудың зертханалық диагностикасы, науқастардан биоматериалдарды (үлгілерді) алу, уақытша сақтау және зертханаға тасымалдауды ұйымдастыру тақырыптары бойынша сессиялар өтті.
Семинар соңында қатысушыларға семинарға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.