Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (ҚЖШККА) №1 травматология және ортопедия бөлімшесінің травматолог-ортопедтері 21 жасар науқасты аяққа тұрғызды.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (ҚЖШККА) №1 травматология және ортопедия бөлімшесінің травматолог-ортопедтері 21 жасар науқасты аяққа тұрғызды.
Жедел жәрдем бригадасы қатты ауру сезімі, тірек функциясының бұзылуы және сол аяқтың деформациясына шағымданған жас жігітті ҚЖШККА қабылдау бөліміне жеткізді. Науқасты толық тексеруден кейін сол сан сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігінің сынықтарының ығысуы орын алған жабық сынық диагнозы қойылды. Дәрігерлер шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады.
Құрамында травматолог-ортопедтер Нұрсұлтан Ерназаров, Мәди Жанатұлы және Бағлан Жиеналиев бар хирургиялық бригада науқасқа сол жамбас сүйегінің жабық репозициясы, БИОС отасын жасады.
Бұғатталатын интрамедуллярлық остеосинтез (БИОС) – сүйек жарақатын шағын инвазивті хирургиялық емдеу әдісі. Мұндай ота кезінде сынық аймағы ашылып кесілмейді, бұл зақымдалған сүйектің қанмен қамтамасыз етілуін сақтауға мүмкіндік береді және сынықтың тез жазылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жарты сағатқа созылған ота сәтті өтті. Отадан кейінгі келесі күні науқас балдақмен жүре бастады. Ал жетінші күні тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емдеуге шығарылды.
«Мұндай отаның басты ерекшелігі – ота тез жасалады, 30-40 минутқа созылады. Ота жасалған аймақ кесілмей, тек бірнеше тесік жасалады. Сондықтан жараның жазылуы тез, әрі асқыну мен іріңдеу қаупі өте төмен. Науқас отадан кейін аяққа тез тұрады, тез сауығады. Сүйек жақсы жиналады», – деп түйіндеді Нұрсұлтан Ерназаров.