(Русский) Хирурги ГБСНП спасли дедушку с осложнениями паразитарной кисты печени

ҚЖШККА хирургтары бауырдың паразиттік кистасы асқынған атаны аман алып қалды
70 жастағы зейнеткер Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөліміне терісінің сарғаюы, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, жүрек айну, құсу, тәбетінің төмендеуі, ауыздың құрғауы және жалпы әлсіздік шағымдарымен жедел жәрдем көлігімен жеткізілді.
Анамнезден науқастың бұдан бұрын облыстық ауруханада «Нефриттік синдром? Уытты гепатит. Созылмалы асқазан жарасы» диагнозымен емделгені белгілі болды.
Соңғы бірнеше күнде науқастың жағдайы нашарлаған. Іш қуысына амбулаториялық негізде жасалған МРТ-да өт жолдарында кистаның жарылуымен бауырдың S7, S8 аймағында кисталық түзілістің белгілері (мүмкін эхинококк кистасы); холедох пен өт қабында және бауырдан тыс өт жолдарында S5, S6 бір реттік соққылардың болуымен (бауыр паренхимасының перифокальды ісінуімен) ұсақдисперсиялы жүзінді анықталды.
Қабылдау бөлімінде науқасты жауапты хирург Нұрлан Кемелханов тексеріп, «Бауырдың оң жақ бөлігінің (S7, S8) серпіліспен асқынған эхинококты киста. Өт жолдары және холедохтың туынды көпіршіктермен бітелуі. Механикалық сарғаю» диагнозымен шұғыл түрде хирургиялық бөлімшеге жатқызды.
• Эхинококкоз – эхинококк қоздыратын ауыр паразиттік ауру. Паразит ағзаға енген кезде көбейе бастайды, эхинококты көпіршік түзеді, ол екі қабатты қабықпен қапталған кистаға айналады. Тіршілік ету ортасы ретінде эхинококк іш қуысы мүшелерін, бауырды, өкпені, жүректі, тіпті миды таңдайды. Эхинококк кистасының диаметрі 50 см-ге дейін өседі әрі паразит ұрығын қамтиды.
– Билирубиннің 20-23 есе, бауыр сынамаларының 10-12 есе жоғары болуы, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі, ауыр интоксикация синдромы науқастың жағдайын қиындата түсті. Бұл менің 28 жылдық тәжірибемдегі мұндай ауыр үшінші жағдай. Біз күрделі ота жасадық. Мұндай ота кезінде кистаның қабығына зақым келтірмеу өте маңызды, егер киста жарылса, бірнеше минут ішінде іш қуысына өтіп, анафилаксиядан 1-2 сағат ішінде өлімге әкелетін улану орын алады. Ал біз өт жолдарына өтіп кеткен жағдайға тап болдық. Сондықтан ота әлдеқайда қиын болды, науқас шынымен өмір мен өлім арасында болды, – деп клиникалық жағдайға түсініктеме берді ҚЖШККА хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты хирург Бақтияр Бекішев.
Үш сағатқа созылған: «Лапаротомия, эхинококкэктомия, қалдық қуысты капитонаждау, холецистэктомия, холедохотомия, холедохтан туынды көпіршікті алу (12 дана), Кер бойынша холедохты, құрсақ қуысын дренаждау» отасын құрамында бөлімше меңгерушісі Бақтияр Бекішев, ассистент: Дәурен Әбдуалиев (емдеуші дәрігер), анестезиолог: Байдос Манапов бар топ жүзеге асырды.
Ота сәтті өтті, қазір науқас өзін жақсы сезінеді, ауруханада дәрігерлердің бақылауында және жанын аман алып қалған Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының медициналық қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдіреді.