«ҚЖШККА ота жасау бөлімі» айдарында травматология және ортопедия бөлімшесінің отасы

«ҚЖШККА ота жасау бөлімі» айдарында травматология және ортопедия бөлімшесінің отасы
Білектің сынуы ең көп таралған жарақаттардың бірі, ол барлық сүйек сынуларының үштен бірін құрайды әрі ауыр және күрделі сынық саналады.
Оның күрделілігі білек сүйектері сынуын емдеу кезінде хирургиялық араласудың қажеттілігінде.
– Сынықтың бұл түрінің еш ығысусыз болуы өте сирек кездеседі, сондықтан мұндай сынықтың көпшілігі хирургиялық араласуды қажет етеді, – дейді ҚШЖККА №1 травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Медет Жанысов. – Хирургиялық араласу фрагменттерді бекітуге негізделеді (остеосинтез). Бекітудің бірнеше түрі бар – сүйекке пластинаны немесе сүйек ішіне арнайы тіректерді орнату. Әдіс көрсеткіштерге сәйкес таңдалады – ісінудің мөлшеріне, фрагменттердің ығысу дәріжесіне және жеке факторларға (науқастың жасы, кәсібі) байланысты.
Осылайша ҚЖШККА-ға 50 жасар ер адам бас миының шайқалуы, сол білек сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігінің ығысуы бар жабық сынуы, оң білек сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігінің ығысуы бар жабық ұсақталған сынуы диагнозымен түсті.
Бөлімше меңгерушісі Медет Жанысов бастаған оталық топ бірден екі білектің де сүйегін пластинамен бекіту – остеосинтез отасын жасады. Ота 1 сағат 10 минутқа созылды.
Ота барысында сүйек бөліктерінің ығысуы ретке келтіріліп, сүйек металл конструкциямен сәтті бекітілді.
Мұндай отадан кейін келесі күні науқас қол жұмысын қалпына келтіре бастайды. Гимнастика, массаж, физиотерапия жасалады. Отадан кейін науқас мүмкіндігінше тез күнделікті өмірге оралады.