Алматы қаласы ҚДСБ мен «ҚДСЖМ» қазақстандық медицина университеті шетелдік мамандардың қатысуымен медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында шеберлік сабақтарды ұйымдастырды.

Алматы қаласы ҚДСБ мен «ҚДСЖМ» қазақстандық медицина университеті шетелдік мамандардың қатысуымен медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында шеберлік сабақтарды ұйымдастырды.
Осылайша, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы базасында 19 желтоқсан мен 23 желтоқсан аралығында инсультолог, невролог және анестезиолог-реаниматологтардың біліктілігін арттыру циклі өтіп жатыр.
«Инсульт кезінде анестезиологиялық көмек» тақырыбы бойынша циклды Лев Гуревич, Тель-Авивтегі Рафаэль медициналық орталығының анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі оқиды.
Цикл барысында күнделікті Израильден келген профессор ауыр (прогрессивті) инсультпен ауыратын науқастарды емдеу тактикасы бойынша талқылау жүргізіп, пациенттерді күнделікті қарап шығуға қатысады.
Бүгін «Инсульт анестезиолог-реаниматологтың көзқарасы бойынша» деген тақырыпта дәріс өтіп, доктор Лев Гуревич нейроинсульт бөлімшесінің меңгерушісі Лаззат Аягановамен бірге бөлімше науқастарын қарап шығып, өз кеңестері мен ұсыныстарын берді.
Аурухананың МРТ кабинетіне кіріп, сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Дмитрий Гебельмен науқастарды талқылады.