Бүгін Алматыда Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды.

Бүгін Алматыда Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Мемориал қала әкімдігі ғимаратының жанындағы саябақта, Сәтбаев көшесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Мемориалдың ашылу рәсіміне президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысты.
«Тағзым» мемориалы – көп сатылы сәулет кешені. Бұл ескерткіш әр түрлі түстен тұратын төрт эмоционалды-архитектуралық бөлікке бөлінеді: ақшыл сұр бөлігі еңсеруді, қара түс қаңтар оқиғасы кезіндегі дүрбелең мен үрейді бейнелейді, ал сұр бөлігі – құрбан болғандар мен адам шығынының символы, ақ түс тұрақтылық пен дамуға ұмтылуды, қоғамның әл-ауқатын, ұлттың өзін-өзі тануын, күш пен әділетті мемлекетке деген сенімді білдіреді. Әр бөлікте халқымыздың ұлы тұлғаларының қанатты сөздері жазылған тастар мен стеллалар орнатылған.
Жобаның авторлары – қазақстандық жас сәулетшілер Алексей Ивженко және Ғайни Сағидуллаева.
Ресми дерек бойынша, Қаңтар оқиғасы салдарынан елде 238 адам қаза тапқан. Оның 19-ы – құқық қорғау органдары өкілдері мен әскери қызметкерлер.