Сәуірдің соңғы аптасы 24-30 сәуір аралығында жыл сайын Дүниежүзілік иммундау апталығы өтеді. Оған бүкіл әлем бойынша 180-нен астам ел қолдау көрсетеді.

Сәуірдің соңғы аптасы 24-30 сәуір аралығында жыл сайын Дүниежүзілік иммундау апталығы өтеді. Оған бүкіл әлем бойынша 180-нен астам ел қолдау көрсетеді.
2023 жылы Дүниежүзілік иммундау апталығы «Ауқымды иммундау!» ұранымен өтіп жатыр. COVID-19 пандемиясы жоспарлы иммундаудан өтетін балалар санының азаюына әкелді, бұл аурудың алдын алуға болатын аурулардан болатын ауру мен өлімнің өсуіне ықпал етуі мүмкін. Сондықтан биылғы Дүниежүзілік иммундау апталығы басқа ауруларға қарсы жоспарлы вакцинациялаудағы пандемиядан туындаған олқылықтардың орнын толтырумен айналысады және халықтың барлық жас санаттары үшін, соның ішінде COVID-19-ға қарсы иммундау үшін қолжетімділікті жақсартуға бағытталған.
Халықтың эпидемиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін халықты жоспарлы иммундаумен қамту деңгейі кемінде 95%-ды құрауы тиіс.
Жыл сайын иммундау дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, паротит, қызамықтан болатын 2-3 миллион өлімнің алдын алуға мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн.
Елімізде профилактикалық егу 12 ауруға қарсы міндетті вакцинациялауды көздейтін Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде жүзеге асырылады. Бұдан басқа, егулер жекелеген кәсіптік топтарға, аса қауіпті инфекциялар бойынша қолайсыз елдерге баратын табиғи-ошақты аурулармен сырқаттанушылық деңгейі жоғары аумақтарда тұратын адамдарға және инфекциялар ошағында эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
COVID-19 вакцинациясы, әсіресе ең осал адамдарда, соның ішінде егде жастағы адамдарда, қосалқы патологиялық жағдайлары бар адамдарда және жүкті әйелдерде аурудың ауыр ағымының алдын алу үшін әлі де үлкен маңызға ие.
Қазақстан Республикасында медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесі «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және профилактикалық егулерге жататын халық топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысымен айқындалған.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 85-бабының 5-тармағына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен егілетін адамның вакцинациялау жүргізуге ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін келесі инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі:
– жоспарлы профилактикалық егулер: «В» вирустық гепатиті; b типті гемофилдік инфекция; дифтерия; көкжөтел; қызылша; қызамық; пневмококкты инфекция; полиомиелит; сіреспе; туберкулез; эпидемиялық паротит;
– эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық егулер: құтыру; іш сүзегі; көктемгі-жазғы кене энцефалиті; оба; коронавирустық инфекция.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен келесі инфекциялық ауруларға қарсы эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша міндетті профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды енгізу) егілетін адамның вакцинациялау жүргізуге ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі: «А» вирустық гепатиті; тұмау; сібір жарасы; туляремия.
Адамзат дамуының соңғы 200 жылында вакциналау түрлі жұқпалы аурудың алдын алып, бір кездері халықты қынадай қырған оба, шешек сынды індеттерді келмеске жіберген. Вакциналаудың арқасында әлем полиемелит, дифтерия, көкжөтел, қызамық сияқты аса қауіпті дерттен арылды. Әйтпесе бұл ауралар мүгедектікке, кей кездері өлімге де әкелуі мүмкін еді. Біздің елімізде вакциналау бала дүние есігін ашқаннан бастап тегін көрсетіледі. Вакциналау тұрғылықты жер бойынша емханада дәрігердің тексеруінен кейін жүзеге асырылады.
Вакцинациялау қызметтің осы түріне рұқсаты бар емханалық мекемелер мен медициналық орталықтарда дәрігердің кеңесінен кейін жүргізіледі.