Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында кезекті Донор күні науқаны өтті. Қалалық қан орталығымен бірлесіп ұйымдастырылатын мұндай акция ауруханада жыл сайын өткізіледі.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында кезекті Донор күні науқаны өтті. Қалалық қан орталығымен бірлесіп ұйымдастырылатын мұндай акция ауруханада жыл сайын өткізіледі.
Бас дәрігер Алмаз Джувашев бастаған аурухана ұжымы бұл бастаманы тағы бір қолдап, донор атанды. Дәрігерлер мен медицина мамандары басқалардың өмірін сақтап қалу үшін үнемі қан тапсырудың маңыздылығын түсінеді. Сонымен қатар, донорлық донордың денсаулығын сақтауға, иммунитетті арттыруға және қанның жағдайын жақсартуға көмектеседі.
Донор күні науқаны – қанға мұқтаж жандарға көмектесу ғана емес, сонымен қатар әрқайсымыздың денсаулығымызды тексеру мүмкіндігі.
Қалалық қан орталығы қызметкерлерінің айтуынша, әрбір донор өз қанының босқа кетпейтініне және біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесетініне сенімді бола алады.
2022 жылдың қазанында аурухананың 45 қызметкері 22 литр қан тапсырса, бүгінгі науқанға 66 адам қатысты. Акцияға қатысушылардың қатарында бұған дейін де бірнеше рет қан тапсырған қызметкерлер мен мұндай мәнді де игі істі алғаш рет қолға алған донорлар да бар. Аурухана қызметкерлері бүгін барлығы 30 литр қан тапсырды.
Аурухана әкімшілігі Қалалық қан орталығына аурухана қызметкерлеріне ешқайда шықпай, жұмыс орнында қан тапсыруға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіреді.
Аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев ҚЖШККА қызметкерлері күнделікті жұмыста ғана емес, мұқтаж жандарға қан тапсыру сияқты игі істерде де ұйымшылдық танытқанын атап өтіп, шараға атсалысқан әріптестеріне алғысын білдірді.