ҚЖШККА-да Білім күніне орай мерекелік шара өтті

ҚЖШККА-да Білім күніне орай мерекелік шара өтті
Жаңа оқу жылы басталар алдында Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының кәсіподақ ұйымы мен әкімшілігі дәстүрлі түрде қызметкерлерге алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын балаларын мектепке дайындап, қолдау көрсетті.
Биыл аурухана бірінші сыныпқа баратын 19 қыз, 22 ұл – барлығы 41 балаға мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтары толық қамтылған мектеп сөмкелерін табыстады.
Мұндай сөмкелер ата-ана үшін баланы бірінші сыныпқа дайындауды жеңілдетсе, балаларға қуаныш сыйлады.
Аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев өзінің құттықтау сөзінде балаларға зор денсаулық, оқуда озат болуын тілеп, «Білімді жастар – еліміздің жарқын болашағы. Ақ жол сендерге»,- деп болашақ оқушыларға мектеп сөмкелерін табыстады.
Хирургия бөлімшесінің медбикесі, 3 баланың анасы, Жанар Абирова биыл кенже қызын мектепке берді:
“Баланы мектепке дайындау оңай шаруа емес. Аурухана басшылығына бүгін жиналған барлық ата-ананың атынан бірінші сынып оқушысына керек барлық құрал-жабдықтар жиынтығы толық қамтылған сөмкені сыйлағаны үшін зор алғыс білдіреміз. Бұл шынымен үлкен қолдау, көмек. Балаларымыз аман болсын!”.