Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі (ПҚжІАҚ)

Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі (ПҚжІАҚ)
Пациенттерді қолдау қызметі (ПҚҚ), ең алдымен, медициналық көмектің тиімділігін арттыруға және пациенттер мен медициналық қызметкерлер арасындағы түрлі жағдайларды шешуге бағытталған.
ҚЖШККА-да бұл қызмет 9 жылдан бері бар. Қызметтің ерекшеліктері туралы бас дәрігердің медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Абдикадиров Бақытжан Тәңірбергенұлы әңгімелейді.
– Қызмет пациенттерге, олардың жақындарына көмектесу және аурухана жұмысының сапасын жақсарту мақсатында құрылған. Қызметке бас дәрігердің орынбасарлары, сарапшы дәрігерлер, заңгер, эпидемиолог, бас медбике, психолог, бөлімше меңгерушілері, аға медбикелер кіреді. Қызмет офлайн және онлайн режимде жұмыс істейді. Пациенттер өз сұрағы, мәселелері бойынша бізге тікелей байланыса алады. Күніне орта есеппен 4-5 адам келеді. Сонымен қатар осы мақсатта бізде сенім телефоны, веб-сайт, әлеуметтік желілердегі ресми парақша, және т.б. бар. Біз сондай-ақ көрсетілетін медициналық көмек пен медициналық құжаттаманы толтыру сапасын бағалаймыз – науқастар мен қызметкерлер арасында түрлі сауалнама жүргіземіз.
– Қызмет өтініш, ұсыныс, шағымдарды қарап, консультация, түсініктемелер береді. Сондай-ақ, мәселелердің шешімін табу және сұрақтарға жауап беру біздің міндерттеріміздің ішіне кіреді. Ішкі тексерулер мен аурухана қызметкерлерімен сұхбат жүргізіледі. Шын мәнінде, көптеген туындайтын жағдайлар жазбаша өтінішті қажет етпейді, олар ПҚҚ қызметкерлерінің арқасында сол жерде-ақ бірден шешіледі.
Көбінесе науқас қажетті ақпаратты алмағандықтан немесе көрсетілген медициналық көмекке қанағаттанбағандықтан шағымданады. Адамдар қайда жүгіну керек екенін, қажетті көмекті немесе ақпаратты қайдан алуды білмейтіндіктен жалпы сипаттағы сұрақтар көп туындайды. Біздің қызметкерлер әңгімелесу, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
• Психолог аурухана қызметкерлерімен сұхбат, этика және деонтология бойынша семинарлар, сонымен қатар басқа да тақырыптар бойынша арнайы тренингтер өткізеді. Психолог пациенттермен де сұхбат жүргізеді.
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына, диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес стационарлық науқастың медициналық картасын және басқа да медициналық құжаттарды күн сайын тексеретін сарапшы дәрігерлер зор жұмыс атқарады.
Әдетте азаматтардың өтініштерін қарау мерзімі 5 күннен аспайды, істің күрделілігіне қарай кафедра қызметкерлерінің – медициналық ЖОО профессорларының, доценттерінің көмегі қажет болғанда, мәселе толық зерттелуі үшін бұл мерзім 10 күнтізбелік күнге дейін немесе одан да көп уақытқа ұзартылуы мүмкін.
– Басқа жағдайларда біздің қызмет азаматтардың өтінішін «осында және қазір» қағидасы бойынша қарастырады. Көптеген азаматтар анонимді өтініштер қалдырады, бірақ ережеге сәйкес өтініште пациенттің толық аты-жөні, өтініш берушінің байланыс телефондары және басқа да мәліметтер көрсетілуі тиіс. Ережеге сәйкес, анонимді сұраулар қарастырылмайды, соған қарамастан біздің қызмет мүмкіндігінше барлық өтініштерді қарап, жауап беруге тырысады. Әрбір жағдай бойынша қызметтік тексеру жүргізіледі, егер медициналық персонал тарапынан олқылық анықталса, бұл жағдай тәртіптік кеңесте қаралып, тәртіптік жаза қолданылады, кейбір қызметкерлер оқуға жіберіледі. Біздің жұмысымыз медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.
– Сондай-ақ, сыртқы кешенді бағалау нәтижелері бойынша және аккредиттеу комиссиясының шешімі бойынша (2021 жылғы желтоқсанның 24-індегі №167 бұйрық) Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы 3 жыл мерзімге бірінші санатты берумен аккредиттелгенін атап өткім келеді. Бұл біздің аурухана қызметтерінің Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына сәйкес екенін куәландырады.
Еске сала кетейік, пациенттерді қолдау қызметіне:
• «Сенім телефондары» бойынша: +7 708 482 93 29;
Сағат 16:00-ден 08:00-ге дейін ауруханадағы жауапты қызметкерлер: +7 727 317 01 69;
(«сенім телефондары» тәулік бойы жұмыс істейд).
www.gbsnp.kz веб-сайтындағы «Бас дәрігердің блогы» бөлімінде немесе Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы / Больница скорой неотложной помощи» парақшасына аты-жөніңізді және байланыс деректеріңізді (телефон) көрсете отырып, жазсаңыз болады.