Қасиетті Рамазан айының оразасы кезінде Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында ауыз бекіткен 150 қызметкер үшін арнайы дастарқан жайылып, ауызашар өткізілді.

Қасиетті Рамазан айының оразасы кезінде Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында ауыз бекіткен 150 қызметкер үшін арнайы дастарқан жайылып, ауызашар өткізілді.
Ораза тұтқан қызметкерлердің басын қосқан игі шараға арнайы қонақ ретінде имам шақырылды.
Имам жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бұл ай күллі мұсылман қауымы үшін ерекше уақыт екенін, осы айда ізгі жамағат амалдар жасап, мол сауапқа кенелетінін айтты. Сондай-ақ, рухани маңыздылық хақында сөз қозғап, тағылымды ойларымен бөлісіп, Рамазан айының қасиеті мен сауабы туралы уағыз-насихат айтты.
Қызметкерлер ауызашар ұйымдастырған аурухана басшылығына алғысын білдірді.
Барша мұсылман қауымының тұтқан оразасы, жасаған ізгі амалдары қабыл болсын!