Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында өткен аптада 3 науқасқа ұйқы артериясына стенттеу жасалды.

Инсульт алған емделушілерде ишемиялық оқиғаның қайталану қаупі жоғары болады. Ұйқы артериясын стенттеу – миды қамтамасыз ететін артериялардың атеросклеротикалық тарылуынан туындаған ишемиялық инсульттің қайталама профилактикасы үшін хирургиялық араласудың ең тиімді түрі.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында өткен аптада 3 науқасқа ұйқы артериясына стенттеу жасалды.
Ұйқы артериялары миды қанмен қамтамасыз ететін негізгі артериялар болып табылады. Олар мойын бойымен көтеріліп, екі тармаққа бөлінеді, сыртқы ұйқы артериялары – қанмен бастың терісі мен жұмсақ тіндерін қамтамасыз етеді және миды қанмен қамтамасыз ететін ішкі ұйқы артериялары. Бұл артериялардың атеросклерозбен зақымдануы көп жағдайда ишемиялық инсульт себебі болып табылады.
Бірінші науқас (62 жас) аурухана мамандарына консультацияға келген болатын. Ол бұған дейін оң жақ ішкі ұйқы артериялары аумағында инсульт алған. КТ-да науқаста оң жақ ұйқы артерияларының кавернозды сегментінің субокклюзиясы анықталды. Ер адам хирургиялық емдеу үшін ауруханаға жатқызылды.
Екінші 65 жастағы науқас үстіміздегі жылдың қазанында инсульт алған. Ауруханамызға хирургиялық көмек үшін жүгінді. Ұсыныс бойынша мойын және бас миының тамырларына КТ жасалды, онда сол жақ ішкі ұйқы артериясы сағасының субокклюзиясы анықталды.
Және ауруханамызға бұрын инсульт алмаған науқас (67 жас) жүгінді. Оған ішкі ұйқы тамырларына УДДГ жасау тағайындалды, УДДГ-да стеноз анықталды. Сондай-ақ, КТ жасау да ұсынылды, КТ-да стеноз расталды. Кейін ангиографияда бұл оң жақ ішкі ұйқы артериясы сағасының субокклюзиясы екені анықталды.
Айта кету керек, ұйқы артерияларын стенттеу инсульттің алдын алу үшін де қажетті әдіс.
Үш науқасқа да нейрохирургтер Евгений Жуков пен Максим Аргумбаев және оталық медбике Гаухар Сыдықова жергілікті анестезиямен субокклюзияны жою және артерия өткізгіштігін қалпына келтіру үшін рентгенэндоваскулярлық стенттеу отасын жасады.
Ота ұзақтығы 40-60 минут.
Үш ота да сәтті өтті. Стент орнату және ұйқы артериясының өткізгіштігін қалпына келтіру іске асты.
Науқастарда отадан кейінгі кезең еш асқынусыз өтті. Науқастар үйлеріне шығарылды.