2012 жылы желтоқсанның 12-сінде БҰҰ Бас Ассамблеясы «Әлем тұрғындарының денсаулығы және сыртқы саясаты» туралы қарар қабылдады

2012 жылы желтоқсанның 12-сінде БҰҰ Бас Ассамблеясы «Әлем тұрғындарының денсаулығы және сыртқы саясаты» туралы қарар қабылдады. Атаулы күн осыған орай бекітілген.
Халықты медициналық көмекпен жаппай қамту және сапалы медициналық көмектің қолжетімдігі адамның физикалық және психикалық денсаулығын, әл-ауқатын жақсартуға және өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Әрбір адам, қай жерде болса да, сапалы, қолжетімді медициналық көмекке қол жеткізуі керек, өйткені бұл халықаралық дамудың басты басымдығы.
Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы Алматы қаласы мен бүкіл Қазақстан тұрғындарына жоғары білікті шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. Аурухана 320 төсек-орынға есептелген.
ҚЖШККА қабылдау бөлімінде 130-ға жуық қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 56 дәрігер, 51 медбике және 42 кіші медициналық қызметкер бар.
Бір күндік кезекшілікке 10-12 дәрігер, 9-10 медбике және 2 медтіркеуші жұмысқа шығады.
ҚШЖККА қабылдау бөлімшесіне күн сайын шамамен 180-190 адам медициналық көмекке жүгінеді. Оның ішінде жедел жәрдеммен түскен, өздігінен келген және амбулаториядан жолдамамен жіберілген науқастар бар.
Күн сайын 15-20 ота жасалса, оның 8-10 шұғыл түрде, 10-12 жоспарлы түрде жасалады.
Қабылдау бөлімінде:
– науқастарды қабылдау, тіркеу және медициналық іріктеу (ТРИАЖ);
– шұғыл медициналық көмек көрсету;
– науқастарды медициналық тексеру;
– қажетті зерттеулер: қан, несеп, биохимиялық зерттеулер, ЭКГ, УДЗ, эндоскопиялық зерттеу, рентгендік зерттеу, КТ және МРТ жүргізу;
– науқастарды аурухана бөлімшесіне жатқызу;
– науқастарды санитарлық-гигиеналық өңдеу;
– тиісті медициналық құжаттарды ресімдеу;
– науқастарды тасымалдау.
Дәрігерлер, орта және кіші медициналық персоналдың күнделікті жұмысы мен қамқорлығы халықтың кәсіби деңгейде медициналық көмек алуына мүмкіндік береді.
Жедел және шұғыл медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілетінін еске саламыз.