Алматыда «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының 100 жылдығына орай халықаралық конференция өтті.
Конференция Халықаралық еңбек ұйымы мен EPSU демеушілігімен өтті. Конференцияға Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Молдова, Литва денсаулық сақтау жүйесіндегі кәсіподақ жетекшілері,
және «AQNİET» кәсіподағы филиалдарының аймақ басшылары қатысты.
Конференция барысында 100 жылдық мерейтойға орай марапаттау рәсімі өтті.
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының травматологы Жұмабек Жәнібек Ахметұлы ғасырлық тарихы бар Кәсіподақ қозғалысын дамыту мен нығайтуға, қатарының бірлігін сақтауға, медицина қызметкерлерінің құқығы мен мүддесін қорғауға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.
Құттықтаймыз!