25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесі құтты болсын!!!

25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесі құтты болсын!
Бұл күн біздің елдігіміз, жер бетінде шекарамыз шегендеулі, ұлт болып ұйысқан мемлекеттігіміз мойындалған күн.
Қазақ елінің көгінде әрқашан көк туымыз желбіресін!
Тұғырлы тәуелсіздігіміз ұлан-асыр ұрпаққа ұлассын!
Рухымыз биік, аспанымыз ашық, жастарымыз алғыр, білімді, өжет, шежірелі қарттарымыз көреген, еліміз бейбіт, экономикамыз ілгері, егемендігіміз мәңгілік баянды болсын!