Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (ҚЖШККА) 2023 жылдың 9 айында халыққа медициналық көмек көрсету жұмысын қорытындылады.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (ҚЖШККА) 2023 жылдың 9 айында халыққа медициналық көмек көрсету жұмысын қорытындылады.
Бүгін ҚЖШККА мәжіліс залында Алматы қаласының Алмалы, Медеу және Алатау аудандарындағы жеке және мемлекеттік емхана өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуде ҚЖШККА жұмысының 9 айлық көрсеткіштері бойынша есеп беріліп, өзара іс-қимыл барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды: 2023 жылдың 9 айындағы өлім жағдайларын талдау, сондай-ақ МСАК пен аурухана өзара әрекеттестігіне қатысты күрделі мәселелер талқыға салынды.
Талқылау барысында тараптар проблемаларды шешу жолдарын белгілеп, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын және өзара іс-қимылын реттейтін бұйрықтарды мүлтіксіз орындауды қадағалауды шешті.
Қорытындылай келе, кездесуге қатысушылар ортақ маңызды мәселе бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.