Дәрігер травмотолог-ортопедтері арасында мини-футболдан өткен….

Травматологтар күніне орай «Claus Marsh» ЖШС фармкомпаниясының ұйымдастырумен Алматы қаласы медицина ұйымдарының дәрігер травмотолог-ортопедтері арасында мини-футболдан өткен жарыста Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының травматолог мамандары 5 команда ішінде ақтық ойынға шығып, екінші орынды иеленді!
Әріптестерімізді құттықтай отырып, жеңістен-жеңіске жетіп, биік белестерден көріне берулеріне шын жүректен тілектеспіз!