Маусымның 5-інде өтетін жалпыхалықтық референдум қарсаңында Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында ….

Маусымның 5-інде өтетін жалпыхалықтық референдум қарсаңында Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты “AMANAT” фракциясының мүшесі Сырым Адамбаев және Аудиторлар Палатасы Төрағасы
Сапар Кошкинбаевпен
кездесу өтті.
Кездесу барысында Сырым Адамбаев қолданыстағы негізгі заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың өзектілігін айтып, өзгерістер бойынша Конституцияның баптарын түсіндіріп өтті.
Сапар Кошкинбаев референдумға қатысу – әрбіріміздің азаматтық борышымыз екеніне баса назар аударды.
Кездесу соңында спикерлер қатысушылардың толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.
Ал ҚЖШККА бас дәрігері Алмаз Джувашев аурухана ұжымы өзгертулерді қолдап, Жалпыхалықтық Референдумға қатысып, өзінің азаматтық борышын өтейтінін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Жалпыхалықтық Референдум үстіміздегі жылы маусымның 5-інде өтеді.