Бүгін Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум бойынша жиналыс өтті.

Бүгін Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум бойынша жиналыс өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясында Конституцияға елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін толықтырулар енгізу туралы бастама көтеріп, осыған орай республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын. Ата заңды жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халық қалауының айқын көрінісі болатыны сөзсіз. Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті жиналыс барысында бас дәрігердің орынбасары Ермек Желдібаев.
Естеріңізге саламыз, республикалық референдум үстіміздегі жылы маусымның 5-інде өтеді.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында №96 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады, референдумға стационарлық емделушілер қатыса алады.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына 5 адам кірді, оның ішінде аурухана өкілдері: комиссия төрағасы – бас дәрігердің орынбасары Бағдат Әлімбетов, хатшысы – бас медбике Алуа Қошамбекова, сондай-ақ комиссия мүшесі – аға медбике Милана Айриян.
Жаңа мемлекеттік үлгіге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу әрқайсымыздың қатысуымызды талап етеді.
Біздің болашағымыз – біздің қолымызда!