Мамырдың 20-сы травматолог мамандардың кәсіби мерекесі.

Мамырдың 20-сы травматолог мамандардың кәсіби мерекесі.
Травматологияны адамның денесі туралы ең байырғы білім салаларына жатқызуға болады. Бұл термин грек тілінде «жарақат» дегенді білдіреді. Буынның шығуы мен сынық туралы алғашқы деректер және оларды емдеу Гиппократтың еңбегінде жазылған.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында травматологиялық және ортопедиялық оталардың барлық түрі жасалады.
Әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Травматолог дәрігерлерге қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, қолыңыз дерт көрмесін, тек сәттілік серік болсын деп тілейміз!
Құрметпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы
P.S. Назарларыңызға Алматы ҚЖШККА травматология және ортопедия бөлімшесінің күнделікті өмірінен бейнебаян ұсынамыз.