Бүгін гинекологтар күні.

Бүгін гинекологтар күні.
Бұл – әйел атаулының жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеумен айналысатын дәрігерлердің мерекесі.
Олардың міндеті – әйелдердің денсаулығын сақтау. Бұл мамандардың маңыздылығын асыра бағалау қиын, өйткені ана мен баланың өмірі мен денсаулығы көбінесе оларға, олардың тәжірибесіне, білімі мен дағдыларына байланысты. Ана мен бала денсаулығын қадағалап, әйел адамның саулығын арттыруда атқаратын еңбегі зор мамандық иелері – жүктілікті жоспарлау, әйелдің босанғанға дейінгі ахуалы мен күтімімен ғана айналысып қоймай, жалпы әйел денсаулығын өмір бойында қадағалап келеді.
Құрметті әріптестер, мереке құтты болсын!
Жауапты еңбегіңіз үшін алғыс білдіріп, шын жүректен зор денсаулық, еңбекте табыс тілейміз! Еңбегіңіз еленіп, отбасыңызда береке арта берсін!
Құрметпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы