Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтау рәсімі өтті

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтау рәсімі өтті. Салтанатты мерекелік іс-шарада қала әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызы медицина қызметкерлеріне марапаттар табыс етті.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Бапаева Мағрипа Каденқызы марапатталды!
Сондай-ақ, денсаулық сақтау қызметкерлері арасында шағын футболдан өткен қалалық турнирде ІІІ орын ие болып, үздік өнер көрсеткен Алмалы ауданы командасы атынан Әбдіқадыров Бақытжан Тәңірбергенұлы марапатталды!
Құттықтаймыз!