Жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі.

Жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі.
Медицина – ардақты да құрметті мамандықтың бірі, ал медицина қызметкерлері – асқан шеберлік иелері. Денсаулық әрбір адам үшін баға жетпес зор байлық болса, медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы.
Мерекені сөз етіп, абзал жандарға алғыс білдіреміз! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлей берсін.
Қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа қолдау көрсететін, өмірлеріне қауіп төнген сәтте араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлап жататын барша дәрігерлерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге ең бастысы зор денсаулық, отбасыңызға амандық, мол бақыт, ашық аспан, еңбекте табыс, төзімділік, күш-қайрат пен сәттілік тілейміз!
Ізгі ниетпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы